Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева Қазақстандағы кезектен тыс президенттік және парламенттік сайлау өткізуге қанша қаражат жұмсалатынын айтты. Оның айтуынша, президент сайлауына шамамен 20 миллиард теңге жұмсалады. Қаражат үкіметтік резервтен бөлінеді. – Президенттік сайлау 2024 жылы жоспарланған. Өзгерістерді, жаңа тапсырмаларды ескере отырып, биыл Үкімет резервінен ақша бөлінетін болады. ОСК әлі де есептеулер жүргізіп жатыр. Шамамен 20 миллиардқа […]