19 тамыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді. Кездесуде мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды. – Геосаяси жағдайдың ерекшелігі үкіметтерімізге қосымша нұсқаулар беру үшін келісіп алу қажет екенін көрсетіп отыр. Олар бір-бірімен табысты қызмет етіп келеді. Дегенмен өмірдің өзі жаңа […]