Беларусь «аймақ тобы» әскерінің тоғыз мыңға жуық жауынгерін орналастырады. Беларусь қорғаныс министрлігі бұл әскер елдің «шекарасын қорғауға қажет» деп мәлімдеді. – Аймақ күштері құрамына кіретін Ресей әскерінің алғашқы эшелондары Беларуське келе бастады, – деп жазды Беларусь қорғаныс министрлігінің халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің бастығы Валерий Ревенко Twitter парақшасында. Азаттық мәліметінше, Валерий Ревенко әскер санының тоғыз мыңнан аспайтынын айтқан. […]