Қазақстан «Халық» партиясы қоғам қайраткері Арман Шораевты сотқа берді. 14 наурыз күні Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Арман Шораевты кандидаттың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін кінәлі деп таныған еді. Қазақстан халық партиясының өкілі Нұрия Балтабайқызы жеке басы мен партиясы туралы жалған ақпараттар таратты деп сотқа шағымданған. […]