Новороссийск қаласының Приморский аудандық соты Каспий құбыр консорциумының (КҚК, Ресей мен Қазақстанның қатысуымен компания) қызметін 30 тәулікке тоқтату туралы қаулы шығарды. 6 мамырда вице-премьер Виктория Абрамченконың тапсырмасы бойынша тексеріс өтті. Тексеру барысында Ространснадзор КҚК өндірістік объектілерінде экологиялық заң бұзушылықтарды анықтады. – Каспий құбыр консорциумы Ресей Федерациясының құқықтық алаңы аясында жұмыс істейді және сот шешімін орындауға […]