Рудный қаласында техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Exclusive.kz Alau.kz сайтына сілтеме жасап. Қостанай облысының әкімдігі аталған шешімге қатысты түсініктеме берді. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі қазір жағдай тұрақты екерін, алайда жылу және сумен жабдықтау, кәріз желілерінің кейбір учаскелерінде тозудың жоғары деңгейіне байланысты апаттар мен жарылу жағдайлары жиілеп кеткендіктен төтенше жағдай жарияланғанын атап өтті. […]