«Рухани жаңғыру» жобасы жұмысын тоқтатады. Жобаның күшін жою туралы қаулы «АШЫҚ НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды Exclusive.kz. Жоба «мемлекетке тиімділігі жоқ» деп танылған. Сол себепті тамыз айынан бастап «Рухани жаңғыру» жобасы жұмысын тоқтатады. Айта кетейік, «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының паспортындағы мәліметке сәйкес жобаны іске асыру мерзімі 2021–2025 жылдар аралығы деп көрсетілген. Фото: ашық дереккөз