Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау барысында заң бұзушылықтар фактілері тіркелгенін растады, деп хабарлайды Exclusive.kz. – Сайлау күні тыныш өтті, дауыс беру тиімді ұйымдастырылды. Мұны дауыс беру процесіне қатысушылар, ұлттық және халықаралық бақылаушылар растады. Осыған қарамастан, жекелеген аймақтардың кейбір учаскелерінде дауыс беру және дауыс санау процесі кезінде заң бұзушылықтар болды. […]