Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, теміржол саласын одан әрі дамыту шаралары қаралды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Смайылов теміржол – көлік саласының және жалпы ел экономикасының күретамыры екенін айтты. – Еліміз көптеген халықаралық бағыттар тоғысатын, тоғыз жолдың торабында орналасқан. Азия мен Еуропа арасында Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі […]