Оңтүстік Кореяның Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы табылды. Марқұм Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. – Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста, құжаттарды рәсімдеу мен мәйітті Қазақстанға жеткізу бойынша қажетті көмек көрсетіп жатыр, […]