Белгілі ақын Мұхтар Шаханов өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін мәлімдеді. Бұл туралы ақын бейнеүндеуінде айтты. Әлеуметтік желіде Мұхтар Шахановты қарттар үйіне тапсырыпты деген ақпарат тарады. Бұл туралы жазушы Құдияр Біләл өзінің фейсбук парақшасында хабарлады. – Мен өз үйімде отырмын. Мына жерде менің кітаптарым, түрлі адамдармен түскен суреттерім бәрі тұр. Мен туралы өсек таратқандарды […]