Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданының Қайрат, Арай, Шамалған, Еңбекші, Құмарал ауылдарының тұрғындары Шамалған ауылдық округі әкімдігіне алдына жиналды. Олар газ бағасын арзандатуды талап етті. Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылдық округінің әкімдігі тұрғындардың Сигма Газ ЖШС ұсынатын көгілдір отын тарифтеріне наразылық білдіруге жиналғанын растады. Ақпаратқа сәйкес, ауылдағы табиғи газ үшін тариф 34,75 тг/м3 құрайды, салыстырмалы […]