Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. – Алматы тергеу сотының 2022 жылғы 24 маусымдағы қаулысымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ, – деп хабарлады баспасөз қызметі Сотта Ділманов екі айға қамауға алынғанын атап […]