Астанадағы сауда орталықтарының бірінде болған жанжалдан кейін Бейбіт Шүменовті босатып жіберген тәртіп сақшылары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Exclusive.kz. Астана қалалық Полиция департаменті тексеріс қорытындысы бойынша Есіл ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары мен Есіл ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторы қызметінен босатылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ аудандық басқарманың басшысына сөгіс жарияланып, полиция қызметі бөлімшесінің кезекшісі және полицияның аға учаскелік […]