Пара алды деген күдікпен ұсталған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары 2 айға қамалды, деп хабарлайды Exclusive.kz. Сот шешімімен Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исақовқа бұлтартпау шарасы тағайындалды. Осылайша, Исақов 2 айға қамауға алынды. Еске салайық, ҰҚК қызметкерлері шенеунікті сыбайлас жемқорлыққа күдік бойынша ұстаған болатын. Фото: ашық дереккөз