Ішкі істер министрлігі Шымкенттегі гүл дүкені мен ресто-бардағы жағдайға байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. – Бековке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Шымкент полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігі «Салғырттық» бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексереді. […]