Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр елорданың бұрынғы атауын қайтару туралы ұсыныс бұрыннан талқыланған және назар аударуға тұрарлық мәселе екенін айтты. – Бұл идея қоғамда бұрыннан талқыланып келеді. Әрине, ол назар аударуға лайық. Менің ойымша, бұл ұсынысты Парламент қарайды, – деді Роман Скляр. Ол қоғамның реакциясын күтуді ұсынды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары ел азаматы ретінде өз пікірі бар […]