Солтүстік Қазақстан облысында «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Exclusive.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол төсемі болмай тұрып, пайдалануға беру туралы құжаттарға қол қойылды. Жоспарланған 53,5 шақырым жолдың 27 шақырымы жоқ. Келтірілген шығын көлемі шамамен 450 миллион теңгені құрады. Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда жол […]