Бүгін Үкімет үйінде премьер-министр Әлихан Смайылов және орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері басшылығының қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы мәселелері бойынша кеңес өтті. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылы 10 ай ішінде азық-түлік инфляциясы 20,5%-ға жеткен. Өткен айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағасы 0,8%-ға өскен. Жұмыртқа 7,6%-ға, ұн 3,9%-ға, күріш […]