ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда Министрі, ҰҚШҰ әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның төрағасы Денис Мантуров ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің кәсіпорындарының әлеуетін біріктіру керек екенін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz. ҰҚШҰ сайтында хабарланғандай, Иманғали Тасмағамбетов ұйым шеңберінде мемлекетаралық шарттар мәртебесімен қабылданған 60-қа жуық құжаттардың шамамен 30 пайызы әскери-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін реттейтініне […]