Батыс Қазақстан облысында «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі тікұшақ «апатты жағдайда қонып», 4 адам мерт болды, деп хабарлайды Exclusive.kz. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов қаза тапқан азаматтардың балаларына кәмелетке толғанша жұмыста алып жүрген айлық мөлшерінде жәрдемақы төленетінін айтты. – «Қазавиақұтқару» қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетеді. Ритуалды қызметтерге жұмсалатын барлық шығындар «Қазавиақұтқару» есебінен жүргізіледі. Қаза […]