Бүгін Санкт-Петербургтегі ТМД Парламентаралық Ассамблеясының пленарлық отырысы өтті. Аталған іс-шарада Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақ тілі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Exclusive.kz. – Өкінішке орай, біз ТМД елдерінің тілдерін оқытуға әрдайым жеткілікті көңіл бөле бермейміз. Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде ТМД және жақын шет елдердің тілдері мен мәдениеттерінің бірегей кафедрасы бар. Онда достастық елдерінің тілдері оқытылады. […]