Бүгін Алматыдағы Республика алаңында сайлаудың қорытындысымен келіспеген «Халық парламенті» белсенділері жиналды, деп хабарлайды Exclusive.kz. Алматы әкімдігі рұқсат бермеген бейбіт жиында мәжіліс депутаттығына тәуелсіз кандидат болған Мұхтар Тайжан, Рысбек Сәрсенбай, Инга Иманбай сөз сөйледі. – 2019 жылы Тоқаев билікке келген соң «Әділетті Қазақстан» құруға уәде берген. Не болды? Алдады. Оған сайлау дәлел. Тоқаев, Әшімбаев, Қарин және […]