Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы Болат Жорабаевты қызметінен босатты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. – Мемлекет басшысының өкімімен Болат Жарқымбайұлы Жорабаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, – деп жазылған хабарламада. Еске салайық, Болат Жорабаев 2022 жылы Тоқаевтың өкімімен Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалған еді. Фото: ашық дереккөз