Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы сапар аясында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады. Фото: aqorda