Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысының өкімдерімен: Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды; Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Фото: ашық дереккөз