Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түзетулерге қол қойып, елордаға Астана атауын қайтарды. – Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Еске салайық, 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында күздің соңына дейін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін айтқан болатын. […]