Мемлекет басшысы парламент депутаттарының елорданың бұрынғы атауы – Астананы қайтару туралы ұсынысымен келісті. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. Депутаттардың бұл ұсынысы Конституциялық заң жобасына енгізілген. – Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, […]