Бүгін Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келіп, Қазақстан мен Франция президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тоқаев Франция Қазақстанның Еуропа Одағындағы басты және сенімді серіктесі, сондай-ақ ел экономикасының ірі инвесторының бірі екенін атап өтті. Мемлекеттер басшылары қазақ-француз стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. […]