19-21 маусым күндері Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Exclusive.kz. Сапар аясында екі ел басшылары келіссөздер жүргізбек. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік-логистикалық және энергетикалық қатынастарды дамытуға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге баса мән беріледі. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің […]