Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдап, жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмысы туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Годунова есеп беріліп отырған кезең ішінде 19,5 триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы бойынша 208 нысанға 20 аудиторлық тексеріс жүргізілгенін жеткізді. Сондай-ақ өткен жылдың 4-тоқсанында аяқталған жекелеген аудиторлық тексеру […]