24 шілде күні Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. – Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді, – делінген хабарламада. […]