Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы жұртшылығымен кездесу өткізді. Президент халықпен кездесу кезінде қаңтар оқиғасы туралы қорытынды жасады. – Қасіретті Қаңтар еліміз үшін зор сынақ болды. Қасақана әрекет еткен қарақшылар тобы мемлекеттігіміздің тұғырын шайқалтуға тырысты, елдегі тұрақтылықтың тамырына балта шапқысы келді. Біз бұл жерде бір мәселенің басын ашып алуымыз керек. […]