Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдап, президентке Қарағанды облысының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ермағанбет Бөлекпаевтың баяндамасына сәйкес, былтыр 11 айдың ішінде өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,1 трлн. теңгені құраған. Негізгі капиталға салынған инвестиция 16,3 пайызға артып, 727 млрд. теңгеге жеткен. […]