Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған сапарының және бірқатар мемлекеттің басшыларымен, БҰҰ басшылығымен, АҚШ іскер топтарымен кездесулерінің қорытындысы аясындағы халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері қарастырылды. Отырыс соңында мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді. Фото: Ақорда
Новости







































