Мемлекет басшысы Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдады. Кездесуде ел бірлігін нығайту, қоғамдық құндылықтарды дәріптеу ісінде қаламгер қауымның атқаратын рөлі қарастырылды, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Жазушылар Одағы ұлттық интеллигенцияның басын қосып отырған қара шаңырақ екенін айта келіп, ақын-жазушылардың халық әдебиетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, қоғамның бірлігін нығайтудағы еңбегі зор екеніне […]