Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың І отырысында қазақ тілі мен рәміздердің мәртебесі туралы айтты. – Мемлекеттік рәміздерімізге, ана тілімізге деген құрмет әрқашан жоғары болуға тиіс. Қазақ тіліне қатысты алаңдаушылық елдегі жағдайды дұрыс түсінбегеннен туындап отыр. Шын мәнінде, бұрынғы ахуал мен қазіргі кезеңді мүлде салыстыруға келмейді. Мемлекеттік тілдің тұғыры күн өткен сайын нығайып келеді. […]