Бүгін Астана қаласында Республика күніне орай шара өтті. Ақордада мемлекеттік сыйлықтар табысталды. Бұл шарада президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі мен ұлтаралық қатынастар мәселесі туралы пікір білдірді. – Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – Мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, […]