Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның экономикалық делегациясын қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы Германия Үкіметі мен бизнесі өкілдеріне ілтипат білдіре отырып, еліміз энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, білім, ғылым және техникалық бағыттағы кадрларды даярлау сияқты негізгі салалар бойынша серіктестікті тереңдетуге […]