Президент «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамына барып, мекеме қызметімен танысты. Тоқаевқа Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінің қазіргі жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. – Президентке Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының, Телекоммуникация желілерін басқару орталығының, сондай-ақ Компьютерлік инциденттерге қарсы ұлттық әрекет ету қызметінің […]