Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтіп, жиында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. – Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды, – деді президент. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Тоқаев жаман әдетке жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген […]