Рақымжан Ерназар Президент Әкімшілігінде жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz. – Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған Ақорданың ресми хабарламасында. БАҚ мәліметінше, бұған дейін Рақымжан Ерназар Қазақстандық индустрияны дамыту институтының стратегиялық жобалар Орталығының директоры қызметін атқарған. Фото: Хабар 24