Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құжатқа сәйкес Президент Әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді: Президент Әкімшілігінің Басшысы;Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;Президент Кеңсесінің Бастығы;Президенттің көмекшілері;Президенттің кеңесшілері;Президент Әкімшілігінің бөлімдері. Жарлыққа сәйкес:– ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;– экономикалық мәселелер бойынша;– халықаралық мәселелер бойынша;– […]