Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Телефон арқылы әңгімелесу барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар сауда-экономикалық, энергетикалық және басқа да салалардағы байланыстарды одан әрі дамыта түсудің маңыздылығын атап өтті. Фото: РБК