Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен келді. Әуежайда Қазақстан Президентін Өзбекстанның Премьер-Министрі Абдулла Арипов күтіп алды. Түркі мемлекеттерінің ұйымына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Бақылаушылар қатарында – Мажарстан мен Түрікменстан бар. 2022 жылғы 11 қарашада Самарқан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді. Фото: Борт 01