Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады. Мемлекет басшысына Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. – Ералы Тоғжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Бағдарлама шаралары аясында бюджет саласындағы 850 мың қызметкердің, квазисектордың өндірістік бағытында жұмыс істейтін 240 мың және бизнес құрылымдарындағы 1,2 миллион […]