Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ереван қаласына жұмыс сапарымен келіп, ҰҚШҰ-ның алдын ала бекітілген жұмыс жоспарына сай өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты. Мемлекет басшысы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықтың түрлі бағытына қатысты еліміздің ұстанымын жеткізді. Ұйымға мүше елдер басшыларының қорытынды кездесуі күрделі геосаяси қайшылықтар мен бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер жағдайында өтіп жатқанын айтты. – Халықаралық істерде күшейе түскен тұрақсыздық […]