Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлын қабылдап, облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Облыс әкімі баяндағандай, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14 пайызға өсіп, 210,1 миллиард теңгеге жеткен. Осы ретте жеке инвестицияның үлесі 90 пайызды құраған. Өткен жылы өңірде жалпы сомасы 10 миллиард теңге болатын 3 ірі жоба […]