Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысына келуіне орай жол жөндей бастаған әкімдік қызметкерлері жазаланады, деп хабарлайды Exclusive.kz. Ақорданың баспасөз қызметінің дерегі бойынша, президент Абай облысына келуіне байланысты жолдарды жедел жөндеу бойынша оқиғаға түсініктеме берген. – Мен келеді деп аяқ астынан жол жөндей бастау дұрыс емес. Бұл – мүлдем масқара жағдай. Мен бұл туралы оқыдым, білемін. Кінәлілер жазаланады, […]