Президент Үкімет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдап, Үкіметтің 2023 жылы атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары туралы баяндалды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. – Қасым-Жомарт Тоқаевқа оның сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жоспарлар, Үкіметтің экономикалық саясаты, сондай-ақ инфляцияны төмендету, мұнай-газ және энергетика салаларын, өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті және экономиканың басқа да секторларын […]